Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да қызметтік-іздестіру иттері адам өлтіру фактісін ашуға көмектесті

СҚО-да қызметтік-іздестіру иттері төрт адам өлтіруді ашуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Неміс овчаркасы Амур – Есіл ауданы ПБ инспектор-кинологі Виктор Рейбандттың сенімді көмекшісі. Із алу жұмысы бойынша үйретілген Амур 3,5 жаста. Полицияда екі жыл үйретіліп келеді және тәжірибелі қызметтік ит болып саналады. Оның иіс алу қабілеті тәртіп сақшыларына 18 қылмысты ашуға көмектесті. Басым бөлігі бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы. Дей тұрғанымен,  Амур өткен жылы тамыз айында адам өлтіруді ашуға қатысқан.
Виктор Рейбандт төрт аяқты көмекшісімен Аққайың ауданына жол тартады, онда өз үйінде пышақ жарақатымен 58 жастағы ауыл тұрғынының мәйіті табылған болатын.  Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көрші үйлердің бірінде 1993 жылғы күдіктіні анықтады. Ол тұрғылықты жері бойынша болмай шықты.  Кинолог күдіктінің үйінен бастап қызметтік-іздестіру итін қолданады. Иіс иесі мен қолдану сәті дұрыс таңдалған: Амур ізге түсіп,  полицейлерді аула арқылы өткізген және ары қарай ауыл көшелерімен өтіп, бір көшеге шыққан. Көшеде күдікті бір адам көзге түседі және ол полицейлерді байқаған кезде ізін суытпақшы болады.  Алайда,  ұзауға үлгермейді,  Аққайың ауданы ПБ қызметкерлерімен ұсталады.  Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді.

– Амур қылмыскерлерді ұстауға үйретілген,  көшеде адамдар болғандықтан кинолог оған ұстау туралы нұсқау беруден бас тартқан,  – деді СҚО Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Самат Төлебаев.  – Нәтижесінде лауазымында алты жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі қызметкер Виктор Рейбандт аса ауыр қылмысты ізін суытпай ашуға қатысқаны үшін марапатталды.

Жыл басынан СҚО ПД  Кинологиялық қызмет орталығының және аудандық бөліністердің қызметтік-іздестіру иттерін қолданумен 730 қылмыс ашылды.  Оның жартысына жуығы-ұрлық.  Сондай,  тәртіп сақшыларының кішкентай көмекшілері 18 тонау мен төрт адам өлтіруді ашуға қатысты.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру