Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жыл басынан бері 500-ге жуық мас жүргізуші анықталды

Алматыда жыл басынан бері 500-ге жуық мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды жауапкершілікті арттыруға шақырады.

– Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда қаладағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған “Құқықтық тәртіп” және “Назар аударыңыз! Балалар!”, республикалық жедел алдын алу іс-шарасы бірнеше кезеңмен өтуде. Жыл басынан бері алдыңғы саптағы полиция бөлімшелері қала жолдарында 497 мас жүргізушіні ұстап, көлік жүргізу құқығынан шеттетті. Сонымен қатар әйнектерін қараңғылап алған 2 мың 880 автокөлік және СГУ заңсыз орнатқан 25 көлік ұсталды. Құқық бұзушыларға шара қолданылды, – деді ЖПҚБ мамандандырылған батальоны командирінің орынбасары Әлжан Кенжебаев.

Спикердің айтуынша, осы және басқа да, тіпті болмашы құқық бұзушылықтар жалпы қаладағы жол қозғалысы жағдайына кері әсерін тигізеді.

– Жүргізушілердің мәдениеті мен тәртібі маңызды рөл атқарады. Жол қателік пен салғырттықты кешірмейтіні белгілі. Мұндай рейдтер алдағы уақытта да жалғасын табады. Сондықтан жол қозғалысына қатысушыларды ЖҚЕ қатаң сақтауға және бір-біріне құрметпен қарауға шақырамыз, – деді Әлжан Кенжебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру