Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық полицейлер тікұшақтың көмегімен 60-қа жуық құқық бұзушылықты анықтады

“Браконьер” жедел – алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер тікұшақтың көмегімен су айдындарындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының полицейлері облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесе отырып, табиғат қорғау заңнамасы талаптарының сақталуына бақылау жүргізуде.

Балқаш, Алакөл және Қапшағай сынды ірі су қоймаларында заңсыз балық аулауды болдырмау және заң бұзушыларды анықтау мақсатында тікұшақ көмегімен әуеден бақылау іске асырылуда.

“Бүгін біз Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесе отырып, Алакөл, Сасықкөл көлдерінің аумағын ұшып өттік. Рейд барысында 12 құқық бұзушылық анықталды. Бүгін заңмен тыйым салынған синтетикалық аулар тәркіленіп, жойылды. Өйткені, бұл аулар суда да, құрғақта да шірімейді және балықтар мен жан-жануарларға орасан зиян келтіреді. Сондықтан, оны тек өртеп жою қажет. Облыс аумағында “Браконьер” жедел – алдын алу іс-шарасы 12 қазанда басталып, бір ай көлемінде өтеді. Үш күн ішінде 60-қа жуық құқық бұзушылықты анықтадық”,- деді облыстық ПД табиғат қорғау полициясының инспекторы Бағлан Рымжанов.

Табиғат қорғаушылар облыстағы барлық ірі көлдер мен өзендерге және заңсыз аңшылық жасалатын аумақтарға әуеден бақылау ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру