Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық тұрғын полицияға көмегі үшін алғыс айтты

Алматылық тұрғын полицияға көмегі үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шолпан Бегайдарованың айтуынша, кешкі уақытта Назарбаев пен Абай даңғылдарының қиылысында оның көлігіне оқ жаудырылған. Жарақат алған әйел көмек сұрай бастады.

– Сол кезде көктен құдай жібергендей біздің жігіттер пайда болды – ОМОН немесе арнайы жасақ. Олар мені тез көтеріп, шағын автобусқа отырғызды. Ол жерде менің қолымнан ұстап, есімді жиғызып, сөйлесіп отырған бір жігіт бар еді. Ол маған қазақшалап өмір сүресің деді. Олардың түр-әлпеттері есімде қалмады, барлығы бетперде, бас киім киіп алған. Олар қажетті уақытта керек жерде пайда болды. Олар болмаса, көлікте қиналып өлетін едім, – дейді Шолпан.

Әйелдің құтқарушылары полицияның арнайы жасағының қызметкерлері болып шықты. Қызмет командирімен телефон арқылы сөйлескенде бұл жайтты бірден есіне түсірді.

– Біз топ болып Абай даңғылының бойымен батыс бағытта келе жатып, көшенің арғы бетінде қаптаған адамдарды байқадық. Басында тонаушылар жиналып, көліктегі адамдарды тонамақшы деп ойладық. Жақындап келгенде, жарақат алған қызды көрдік, ол өз көлігінде қансырап жатты. Ең алдымен жгутты байлап, қанды тоқтаттық. Тез әрекет ету керек болды. Уақытты босқа өткізбей, өзіміз жақын маңдағы ауруханаға апарып тастадық. Осы күнге дейін оның жағдайы қалай екен деген сұрақпен жүрдік. Бүгін қыздың ауруханадан шыққанын және оның жазылып келе жатқанын білдік. Шын жүректен қуаныштымыз. Шолпанның тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз, – деді полиция қызметкері.

 

– Олар менің есігімді жауып, көлікті сигналдық дыбыс шығаруға қойып, қатты көмектесті. Үлкен рақмет!, – деп түйіндеді Шолпан Бегайдарова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру