Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында 150-ден астам субъект күзет қызметін көрсетеді

Ақмола облысында 150-ден астам субъект күзет қызметін көрсетеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуда, қылмысқа қарсы күресте, көшелерде және қоғамдық орындарда әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуда және жолын кесуде жеке күзет ұйымдарының әлеуетін арттыру мақсатында Ақмола облысының полиция департаменті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жеке күзет құрылымдарының қызметкерлерін тартады.

Жалпы, жылдың басынан бастап күзет ұйымдарының қатысуымен облыс аумағында 21 қылмыстық құқық бұзушылықтың беті ашылды. Сонымен қатар, 689 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Көпқабатты үйлер мен тұрғын үй кешендерінің аулаларында жедел әрекет ету мақсатында облыс орталығының бекітілген маршруттарында жеке күзет ұйымдарының 5 мобильді тобы жұмылдырылды, 4 мыңға жуық объектіні күзететін 26 орталықтандырылған бақылау пульті жұмыс істейді.

Сонымен қатар, қарулы физикалық күзет бекеттерін қою арқылы 644 объект күзетіледі. Күзет ұйымдары қызметте ойық, тегіс ұңғылы, травматикалық және газ түрінде қару пайдаланады.

Жалпы, биылғы жылдың бес айында Ақмола облысы ПД күзет қызметін бақылау бөлімі 415 профилактикалық тексеру жүргізіп, бұзушылықтарды жою туралы 37 ұсыным шығарды.

Күзет қызметі қызметкерлерін, атап айтқанда “Динамо “ДСҚ” ҚБ Ақмола облыстық филиалы және “Дария “КОО” ЖШС екі мамандандырылған оқу орталықтарының базасында даярлау және біліктілігін арттыру тұрақты негізде жүргізіледі.

Қазіргі уақытта күзет ұйымдарының 20 басшысы және екі мыңнан астам күзетші оқытылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру