Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында автокөлік айдап кетудің 2 фактісі ашылды

Ақмола облысында өткен демалыс күндері автокөлік айдап кетудің 2 фактісі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 шілдеде Бурабай ауданының полициясына Зеленый Бор ауылының тұрғынынан өзіне тиесілі Mitsubishi автокөлігінің айдап әкетілгені туралы өтініш келіп түсті. 26 жастағы ауыл тұрғынының айғақтарына сәйкес, демалыс күні көлік аулада болған, көліктің есігі ашық қалған, салон ішінде тұтану кілті де қалған. Бір-екі сағатқа шаруаларымен кетіп қалған ер адам аулаға келгенде көліктің жоғалғанын анықтады. Шығын 2 млн теңгені құрады.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, сондай-ақ өтініш берушінің өзінің көмегімен көлікті 40 жастағы ауыл тұрғыны айдап әкеткені анықталды. Белгілі болғандай, ер адам өтініш беруші тұратын үйдің жанынан өтіп, тұтану кілті бар көлікті көріп, жүріп келуге шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

Тағы бір оқиға Ерейментау ауданында тіркелді. Жергілікті полиция бөліміне елорда тұрғынынан бұрыңғы танысы оның Toyota Corolla көлігін заңсыз иемденгені туралы өтініш келіп түсті.

Полицейлер анықтағандай, ер адамдар Ерейментау ауданының аумағына бірлескен демалысқа келген, алайда көлік иесі ішімдік ішкеннен кейін танысынан рөлге отыруды сұраған.

Сағат 02.00-де достар арасында жанжал туындап, ер адам өтініш берушіні тастап, шетелдік көлікке мініп кеткен.

Аталған фактіге сәйкес полицейлер ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта ер адам анықталды, ол Ерейментау ауданы Новомарковка ауылының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Автокөлік тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Айта кету керек, биыл Ақмола облысының полициясына автокөлік құралдарын айдап әкету фактісі туралы 42 арыз келіп түсті, оның 40-ы ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру