Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында өткен есірткіге қарсы турнирге 120 бала қатысты

Ақмола облысында өткен есірткіге қарсы турнирге 120 бала қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2024 жылғы 10-11 сәуірде Көкшетау қаласында “Спорт есірткіге қарсы” ұранымен қазақша күрестен турнир өтті. Облыс аудандарынан келген, 10 клубтың атынан қатысқан 11 салмақ дәрежесінде 9 жастан 15 жасқа дейінгі жас балуандар ең мықты атақ үшін күресті.

Турнирді Білім басқармасы жанындағы “Bolashaq saraiy” оқушылар сарайы полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырды. Өткен жылдан бастап полиция есірткіге қарсы ұлттық күрестің осы түрін жүргізуді қолдай бастады, бұл дәстүрге айналған.

Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Құрманғожа Құсайынов спорттың есірткіге сөзсіз балама екенін, ал мұндай іс-шаралар жоғары патриоттық сананы қалыптастыратынын, спорттық шеберлікті арттырып, салауатты өмір салтын насихаттайтынын атап өтті.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар медальдармен және грамоталармен, ал ең мықтылары облыстық ПД ЕҚІҚБ-дан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру