Ақмола облысында полицейлер қарттар үйіне барып қайтты
Ақмола облысында полицейлер Шортанды ауданындағы қарттар үйіне барып, мереке сыйлап қайтты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс аудандарына шығу аясында полиция департаментінің ақпараттық-түсіндіру тобы Шортанды ауданындағы қарттар үйіне барды.
Полиция қызметкерлері мекеме тұрғындарының жасын және қалауын ескере отырып, репертуарды мұқият таңдап, арнайы концерттік бағдарлама дайындады.
Өткен жылдардағы таныс және сүйікті әндер тыңдаушыларға әсер етіп, жастық шақтарын еске түсірді. Залда қуаныш, ризашылық атмосферасы орнады.
Қарт адамдар әрістермен бірге ән шырқап, эмоцияларымен бөлісті. Көбі үшін бұл сапар қамқорлық пен жақсы көңіл-күй сыйлаған нағыз мереке болды.
Кездесу соңында полиция қызметкерлері мерекелік дастарқан жайды. Жиын басында қонақтар мен мекеме тұрғындары жылы әңгімелерін жалғастырып, бұл күнді жақсы әсерлермен және шынайы күлкілермен толтырды.
Мұндай іс-шаралар аға буын өкілдеріне қамқорлық қоғамның маңызды бөлігі болып қала беретінін еске салып, оларға көңіл бөлуге және қолдау көрсетуге көмектеседі.
