Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының полицейлері дүкеннен ұрлық жасаған жас жігітті әшкереледі

Көкшетаулық полицейлер дүкеннен киім-кешек ұрлаған ер адамды ізін суытпай ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 16 ақпанда Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғыннан белгісіз біреудің 15 ақпанда “Планета” дүкенінен еркін қол жеткізу жолымен “G-Shock” маркалы екі қол сағатын, ерлер күртешесін, әйелдер аяқ киімін және 20 жұп шұлық ұрлағаны туралы арыз келіп түсті. Залалдың жалпы сомасы шамамен 20 мың теңгені құрады.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 25 жастағы жігітті анықтады. Ол қылмысын мойындады. Барлық заттай айғақтар алынып, дүкен иесіне қайтарылды.

Тәртіп сақшылары ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру