Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр сақшылары жоғалған үш бас жылқыны тапты

Сыр сақшылары жоғалған үш бас жылқыны тауып, иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне 45 жастағы азаматша арызданды. Ол өз арызында 12 ақпанда түнгі сағат 03:00-де ауласындағы қорада тұрған үш бас жылқысы белгісіз жағдайда ұшты-күйлі жоғалып кеткенін көрсеткен.

Аталған арыз бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 1-тармағымен (Мал ұрлау) қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген шығын шамамен 800 мың теңгені құрады.

Үш күн бойы өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Жезқазған тас жолының бойында жайылып жүрген жоғалған жылқыларды тапты. Жылқылар өз иесіне қайтарылды.

Жылқылар жоғалған сәттен бастап жедел әрекет етіп, олардың ұрылардың қолына түспеуіне септігін тигізген полицейлерге жәбірленушінің айтар алғысы шексіз.

– Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлері жылқыларымды күні-түні іздестіріп, тауып берді. Олардың шын мәнінде жедел қызмет ететініне көзім жетті. Қызметтеріңіз алға басып, абыройлы болыңыздар. Рақмет сіздерге. Қызметте адамдардан тек алғыс алуларыңызға тілектеспін, – деді Бақытгүл Шәріпбекова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру