Ақмола облысының тұрғыны полицейге алғыс білдірді
Тергеушінің жедел жұмысы банк қаражаты ұрлығын ашуға көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Аудан тұрғыны Сара Булешева Бурабай ауданы ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі Тимур Долгополовқа жоғары кәсібилігі, жеделдігі және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін шын жүректен алғысын білдірді.
Сара Сандыбайқызы стационарлық емделуде болған, телефонын палатада қалдырып, ем-шара алуға кеткен. Мұны палатада жатқан көрші пайдаланып, телефон чехолында болған банк карталарына қол жеткізіп, өз телефонындағы Temu қолданбасында деректерді енгізіп, тапсырыстарын төлеген.
Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін тергеуші дереу қажетті тергеу әрекеттерін ұйымдастырды. Сауатты және жедел жұмыстың арқасында күдіктінің жеке басын анықтап, қолға түсірді.
Сара Долгополов Тимур Булатовичке кәсібилігі, қызметке жауапкершілікпен қарауы және азаматтардың құқықтарын тиімді қорғағаны үшін шын жүректен ризашылығын білдірді. Осындай қызметкерлердің арқасында қоғамның полицияға деген сенімі нығая түседі.
