Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ауыр жүк көліктеріне 100-ден астам жарық шағылыстыратын белгілерді жапсырды

Ақмола полицейлері ауыр жүк көліктеріне 100-ден астам жарық шағылыстыратын белгілерді жапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 31 мамыр күні Ақмола облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жолдарда ауыр жүк автомобильдеріне 100-ден астам жарық шағылыстыратын таңбаларды жапсырды.

– Тәртіп сақшылары тәуліктің қараңғы уақытында жол қозғалысының басқа қатысушыларына осы көлік құралдарының көрінуін қамтамасыз ету үшін жүргізушілермен бірге ірі көлемді автомобильдерге жарық шағылыстыратын жапсырмалар таратып, жабыстырды. Жарық шағылыстыратын таңба басқа жол қозғалысына қатысушылардың фаралары шығаратын жарықты көрсетеді, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Жүргізушілер бұған түсіністікпен қарап, полицейлерге осындай қамқорлық үшін алғысын білдірді, мұндай ескертулер кейбір автокөлік жүргізушілеріне қажет екенін атап өтті. Ал жарық шағылыстыратын жапсырмалар жол қозғалысына қатысушылардың өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру