Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері оқушылар үшін әлеуметтік театр ұйымдастырды

Көкшетау қаласының №1 орта мектебінің оқушылары Ақмола облысының полицейлерінің “Зерделі ұрпақ” қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырған Әлеуметтік театрдың қатысушылары болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сахналанған қойылым арқылы жасөспірімдерге есірткіні қолданудың салдарын жеткізу, есіркіні татып көруді болдырмау және жеткіншектердің есірткіге деген тәуелділігінің алдын алу.

Әлеуметтік форум-театр жастармен жұмыс істеудің тиімді интерактивті эмоционалды әдісі.

9-11 сынып оқушыларының алдында драма өрбіп, оның сценариін іс жүзінде актерлер (балалар) өздері жазып, аудиторияға есірткі қолдану мәселесімен байланысты қойылымды сахналады. Актерлердің сөзінен кейін залдағы оқушылар қойылымдағы жағдай жайлы өз пікірлерін білдіріп, өздері қойылымның соңын өзгертуге тырысты, яғни мәселеден шығудың жолдарын ұсынды.

– Есірткіге қарсы иммунитетті вакцинациялауда біз нашақорлықтың алдын алуды жүзеге асырудың дәстүрлі нысандары мен әдістерін қолданамыз. Жасөспірімдердің санасына және олардың проблеманы қабылдауына тиімді әсер ететін іс-шаралардың жаңа форматтарын енгізуге тырысамыз. Нашақорлық мәселесін көрермендерге әлеуметтік театр арқылы жеткізу тәжірибесін біз бір жылдан астам уақыт бойы қолданып келеміз. Бұл бізге есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі деп сенеміз, – деді Ақмола облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Разия Курсанова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру