Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада 17 жастағы жасөспірім дүкеннен тауар ұрлап кетті

Елордада 17 жастағы жасөспірім дүкеннен тауар ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Р.Қошқарбаев көшесінде орналасқан супермаркеттің әкімшілігі күндіз белгісіз адам тұрмыстық химия бөлімінен ұрлық жасағаны туралы полицияға хабарлаған. Арызданушының айтуынша, дүкенге келген жасөспірім төрт оралған жаялықты ұрлап, 40 мың теңгеден астам шығын келтірген.

Жедел әрекет еткен Алматы ауданы ПБ жедел уәкілдері ұрыны жылдам ұстады. Оны тергеп-тексеру кезінде ІІО-да есепте тұратын 17 жастағы жасөспірім анықталды.

Жасөспірімнің мінез-құлқы Астана қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралып, оған қатысты девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектепке жіберу туралы жинақталған материалға шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді. Оның заңды өкілі бұған дейін бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тартылған болатын. Полицияға жеткізілген жас бала ата-анасына тапсырылды.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және оның елорда аумағында бұрын жасаған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру