Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей полицейлері бір үйір жылқыны ұрлаған барымташыны ұстады

Семей полицейлері бір үйір жылқыны ұрлаған барымташыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 2 желтоқсанында Семей қаласы ПБ Әуезов ПБ-ға Алғабас ауылының 52 жастағы тұрғыны жүгініп, 2022 жылдың 14 қарашасында ауылдың шетінде орналасқан еркін жайылымнан 31 жылқысының жоғалып кеткенін хабарлады.

Келтірілген залал сомасы 12 млн теңгені құраған.

– Әуезов ПБ жедел уәкілдерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қарағанды облысының 44 жастағы тұрғынының 31 бас жылқыны барымталап алып кеткені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

ЖПІШ басталғаннан бері мал ұрлығының 6 фактісі анықталды. Оның біреуі “ізі суымай” ашылды, ұрланған мал саны 15 басты құраған. Келтірілген залал сомасы 9 млн теңгеден асады. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 122 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Иесіз жайылып жүрген 131 бас мал айыппұл тұрағына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру