Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жалған техпаспортпен жүрген азаматқа қатысты тергеуді бастады

Ақмола полицейлері жалған техпаспортпен жүрген азаматқа қатысты тергеуді бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының мамандандырылған ХҚКО-ға Зеренді ауданы ауылдарының бірінің 54 жастағы тұрғынынан шетелдік автокөлікті зандастыру туралы өтінім келіп түсті. 4 шілде күні автокөлікті тексеру барысында полиция департаменті жедел-криминалистикалық полиция басқармасының қызметкерлері ер адамның шындыққа жанаспайтын құжаттарды ұсынғанын анықтады.

Жүргізуші машинаны сатып алғанда құжаттармен байланысты проблемалар болғанын білмегенін айтты.

Криминалистердің тексеруі барысында, жүргізуші тәртіп сақшыларына көліктің жалған техникалық паспортын бергенін анықтады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 383-бабының 3-бөлігі (Ресми құжаттар мен мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сот сараптамасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру