Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полициясы 7 жыл бұрын болған ұрлықты ашты

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Бурабай ауданының 69 жастағы тұрғынының өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өтініш беру сәтінде, 2016 жылы 28 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында HalykBank картасынан еркін қол жеткізу жолымен белгісіз адам 532 мың теңге сомасында қаражатын ұрлап кеткен.

Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Біраз уақыт өткеннен кейін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жедел уәкілдер 50 жастағы әйелді анықтады. Оның осы әрекетке қатысуы қазіргі уақытта тексеріліп жатыр.

– Біз қылмыстар туралы ешқашан ұмытпаймыз. Егер олар ағымдағы жылы ашылмаса да, біз оларды тастамаймыз. Былтыр өткен жылдары жасалған 226 қылмыс анықталды. Бірде-бір қылмыс біздің назарымыздан тыс қалмайды, – деп атап өтті жедел полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру