Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада құжатсыз көлік басқарған мас жүргізуші ұсталды

Ақмолада құжатсыз көлік басқарған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қарашада ППБ қызметкерлері Көкшетау қаласының 29 жастағы тұрғынының басқаруымен Nissan Premera маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шығып тұрды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежедегі мас күйінде болған. 2019 жылы ер адамның көлік құралын басқару құқығынан 36 ай мерзімге айырылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (КҚ басқару құқығынан айырылған адаммен басқару) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бастап мас күйінде көлік басқарған, бірақ бұрын осындай бұзушылық үшін құқығынан айырылған жүргізушілер үшін жауапкершілік күшейтілді. Мұндай адамдардың жауапкершілігі қылмыстық теріс қылықтар санатынан қылмыстар санатына ауыстырылды. Бұл ретте көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру