Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада жаңа жылдық безендірулерді қиратқан бұзақылар ұсталды

Ақмола полицейлері тұрғындардан қалалар мен кенттердің жаңа жылдық безендірулерді ұқыпты қарауды сұрайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 желтоқсанда облыстық орталықты патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Вернадский 3 көшесінде тұрған үш дана жарықдиодты гирляндаларды жұлып, бүлдірген жергілікті тұрғынды ұстады. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Тағы бір факт 27 желтоқсаннан 28 желтоқсанға қараған түні Застанционный кентінің қысқы демалыс саябағында жаңа жылдық шыршаны безендірген гирляндадан бірнеше шам сөнген кезде тіркелді.

– Жоғарыда айтылғандарға байланысты облыстың барлық тұрғындарына ортақ мүліктерімізді қорғау, басқа адамдардың еңбегіне құрметпен қарауды сұраймыз. Егер сіз осындай құқық бұзушылықтардың куәгері болсаңыз, бұл туралы 102 нөміріне хабарлаңыз, – деді полицияда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру