Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 10 күнде 1 мың 700-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Ақтөбе облысында “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасының 10 күні ішінде 1 мың 700-ден астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қыркүйектен бастап 1 желтоқсанға дейін облыс аумағында “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, оның негізгі мақсаты жедел жағдайды тұрақтандыру, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік учаскелерді пәтерлерді және аулаларды аралауды, ІІО есебінде тұрған адамдардың тұрғылықты жері бойынша тексеруді, азаматтық қару иелерінің оларды сақтау шарттарын сақтауын, жалға берілетін пәтерлерді анықтауды және т. б. жүзеге асырады.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысы ПД учаскелік полиция инспекторлары көпқабатты үйлердің 9 955 пәтерін және 13 454 жеке үйлерді аралап, тұрғын үйді салық органдарында тіркеусіз жалға берудің 65-ке жуық фактісін анықтады, барлық фактілер бойынша осы тұрғын үй иелеріне әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдау үшін ақпарат салық органдарына жіберілетін болады.

ІІО есебіне 140-тан астам адам қойылды, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарға жол бергендер – 77.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында жертөлелерді, шатырларды, базарларды, ІІО есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ шетелдік азаматтар мен атыс қаруы бар азаматтарды тексеру жүзеге асырылады.

Қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін атыс қаруы бар 76 адам жауапқа тартылды. Заңсыз айналымнан жеті қару тәркіленді.

Барлығы 1 700-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені және мас күйінде келгені үшін – 206, ұсақ бұзақылық үшін – 136, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін – 124, тіркеусіз тұрғаны үшін – 393.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру