Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында велосипед ұрлаудың 151 фактісі тіркелді

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында велосипед ұрлаудың 151 фактісі тіркелді, 60%-ға жуығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта велосипед ұрлығының алдын алу мақсатында Ақтөбе облысының ПД қызметкерлері “Велосипед” ақпараттық іздеу картасының базасын құрды. Бұл базаға ерекше белгілері, маркасы, типі, түсі, жасалған жылы, рама нөмірі , иесі туралы мәлімет, өндіруші елі және т.б. қосымша ақпараттар енгізіледі.

Аталған іс-шаралар велосипед ұрлығын ашуға полицияға көмектеседі.

Велосипедті қараусыз қалдырып, құлыппен бекітіп кететін жағдайлар жиі кездеседі, бірақ оны оңай ашуға болады. Бұл немқұрайдылық пен ұқыпсыздық кесірінен болып жатады.

Мысалы, Ақтөбе қалалық ПБ №2 қалалық полиция бөліміне “Батыс-2” жаңа шағын ауданының тұрғыны көп қабатты үйдің баспалдақ алаңынан велосипед ұрланғаны туралы өтінішпен жүгінді.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 26 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Алдын ала тергеу барысында ұсталған азаматтың тағы үш велосипед пен ұялы телефон ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Күдікті ұрланған велосипедтерді бейтаныс адамдарға өткізіп, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Барлық велосипедтер тәркіленіп, иелеріне қайтарылды, сондай-ақ күдіктінің басқа да ұқсас ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Велосипед қожайындарының ұқыпсыздығы мен немқұрайдылығы ұрлықтың жасалуына әкеп соқтырады. Велосипедтерін кез келген жерде қараусыз қалдырмау қажет.

Ұрлықтың алдын-алу үшін сақ болыңыз және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз, мүлікті сақтау үшін барлық қажетті шараларды қолданыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру