Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері өзен жағасын қоқыстан тазалады

Қобда ауданының полиция қызметкерлері Қобда өзенінің жағасын қоқыстан тазалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қыркүйекте “Таза Қазақстан” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Қобда ауданының полиция қызметкерлері күнделікті жұмыстың қауырттығына қарамастан, қоқыс жиналған Қобда өзенінің жағасын тазалады. Нәтижесінде полиция қызметкерлері қоқыс қалдықтарын полигонға “Камазбен” шығарды.

Бұл іс-шараның мақсаты – жағалауды тазарту ғана емес, сонымен қатар қоғамның назарын экологияға аудару және азаматтардың табиғатқа ұқыпты қарауы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру