Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен “Учаске” іс-шарасы өтуде

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен 7 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында “Учаске” іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы мерзімде учаскелік полиция инспекторлары қала аумағындағы 9 760 пәтерлер мен тұрғын үйлерді аралап шықты. Жалға берілетін 725 пәтерлер тексеріліп, 156 пәтердің заңдылығын тексеру үшін Мемлекеттік кірістер басқармасына ұсыныстар жолданды. Қаңғыбастық пен қайыршылық жасап жүрген 21 адам ұсталып, қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Түнгі мезгілде ата-анасының немесе заңды өкілінің қарауынсыз жүрген 63 жасөспірім анықталды. Ішкі істер органы есебінде тұрған адамдар мен қару иелері тексерілді. 

Іс-шара барысында 613 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде белгіленбеген орында сауда жасағаны үшін – 85, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 56, қоғамдық орында мас халде жүргені үшін – 80, жеке басын куәландыратын құжатсыз және тіркеусіз тұрғаны үшін – 125, өзге де құқықбұзушылықтар – 267. Аудандық Полиция басқармаларына барлығы – 213 адам жеткізіліп, қол саусақ іздері алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру