Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жоғалған 3 жасар бүлдіршін аман-есен табылды

Шымкентте жоғалған үш жасар бүлдіршін аман-есен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Нұрсәт мөлтек ауданының тұрғыны полицияға үш жасар баласының жоғалғаны жөнінде хабарлаған.

Хабарлама бойынша Шымкент қаласы Полиция депратаментінің Патрульдік полиция полкінің 776 автоэкипажы жедел іздестіру шараларына кіріскен. Тәртіп сақшылары баланың ата-анасынан кішкентайдың фото суреттерін алып, аталған аумақта іздестіру шаралырын жүргізген.

Нәтижесінде полицейлер араға 40 минут салып, балақайды өзге үйдің ауласында жүрген жерінен тауып, анасына дін аман табыстады.

Осы орайда тәртіп сақшылары балаларды ересектерден назардан тыс қалдырмауларын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру