Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші қаза тапты

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 сәуірде сағат 22.25-те Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының маңындағы Самара – Шымкент автожолының 701-шақырымында Daewoo Nexia автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, Toyota Estima автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Toyota Estima автокөлігінің екі жолаушысы Ақтөбе қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханаға жатқызылды.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру