Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының ПД басшысы көпбалалы Жетесовтер отбасын құттықтады

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Ақтөбе облысы ПД басшысы Атығай Арыстанов пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Даулеталин шығармашыл, көп балалы Жетесовтар отбасын құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаздың алғашқы күні 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесі халықаралық деңгейде өткізіледі. Бұл жолы ақтөбелік көп балалы Жетесовтар әулетін құттықтаудың реті келді. Отбасының әрбір мүшесі дәстүрлі музыкалық аспаптарда ойнайды. Отбасылық «Шашу» ансамбльі
елімізде ғана емес, шетел мемлекеттерінде де танымал. 21 баланы, оның ішінде 18 патронатты балаларды тәрбиелеп отырған Жетесовтар отбасына келген Атығай Арыстанов балаларды мейраммен құттықтап, жақсылық, қуаныш және бақыт тіледі.

– Біз ұжыммен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, сіздің отбасыны құттықтайық деп шештік. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан сіздің осындай кеңпейілдігіңізге ризамыз,балаларыңыз бақытты болсын, еліміздің бетке ұстар азаматы болуына тілектеспіз, – деді ПД басшысы Атығай Арыстанов. 

Кейін тәртіп сақшылары балаларға үш велосипед пен себет толы жеміс-жидектер мен тәттілер сыйлады. Отбасы басшысы Өмірхан Жетесов ПД бастығына алғысын білдірді. Балалар отбасылық ансамбль құрамында концерттік бағдарламаларын қойып, «Мен қазақпын» әнімен тәмамдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру