Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері автокөлікті тасымалдаумен байланысты алаяқтықты ашты

Ақтөбе полицейлері автокөлікті тасымалдаумен байланысты алаяқтықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Шымкент қаласының тұрғыны Ақтау қаласынан Астана қаласына екі кроссоверді алып келуге уәде берген белгісіз адамның автокөліктерді иемденгені туралы арызданды.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Күдікті өзін автовоздын жүргізушісі ретінде көрсетіп, көліктерді жеткізіп беруге уәде бергені анықталды. Содан кейін Ақтөбе қаласына дейін автовоз жалдап, “іздерін жабу” үшін Ақтөбеде автокөліктерді басқа автовозға тиеп, Алматы қаласына жөнелткен.

Mitsubishi Montero Sport маркалы екі автокөлік оңтүстік астанада тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің  190-бабының 2-тармағының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру