Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полициясы жол-көлік оқиғасы куәгерлерін іздеуде

Ақтөбе облысы Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша куәгерлерді іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 шілде күні сағат 01:00-де “TOYOTA CAMRY” маркалы автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы 101-атқыштар дивизиясы көшесі жағынан М.Оспанов көшесіне қарай, 68-үйге қарама-қарсы бағытта қозғала отырып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасынан 1991 жылы туған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылып, есін жимастан қайтыс болды.

Куәгерлердің полиция департаментіне хабарласуын немесе 936-403 немесе 8 705-735-38-33, 8 775 149-93-59 телефондары арқылы хабарласуын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру