Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде камера көмегімен ұрлық қылмысы ашылды

Ақтөбеде камера көмегімен ұрлық қылмысы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қыркүйекте Ағ.Жұбановтар көшесінде орналасқан ТҚС аумағында жөндеуде тұрған үш автокөліктің есігінің әйнегін сындыру арқылы иелерінің жеке заттары (кілттер жиынтығы, қосалқы доңғалақ және т.б.) ұрланған.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында бейнебақылау камераларының көмегімен қылмысты жасады деп күдіктілердің бірін анықтады.

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тексеру барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсталған азамат ҚР ҚПК 128-бабының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бейнебақылау жүйелері-қауіпсіздік кепілі. Орнатылған бақылау камералары қылмыстарды, құқық бұзушылықтарды ашуға, сондай-ақ олардың алдын алуға айтарлықтай көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру