Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер тас жолда апаттық жағдай тудырған жүргізушіні ұстады

Павлодарлық полицейлер тас жолда апаттық жағдай тудырған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 18 қыркүйек сағат 18.40 шамасында Павлодар-Қызылорда автожолында болды.

–  Автожолда келе жатқан Infiniti QX80 445AGJ01 автокөлігі басқа көліктердің өтуіне тосқауыл қойып, қасақана апаттық жағдай туғызып келе жатқаны туралы ақпарат түсті, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының командирі Азамат Қалиақпаров.

Шақыру бойынша дереу шыққан автопатруль оқиға орнына келе сала көлікті тоқтатуға кірісті. Алайда жүргізуші полицияның көлікті тоқтату туралы заңды талаптарына бағынбастан, апаттық жағдай тудырып, оқиға орнынан жоғары жылдамдықпен кетіп қалды. Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері аталған көлікті ұстау бойынша шаралар қабылдап, нәтижесінде ол Екібастұз өңіріндегі Шідерті кентінің маңайында ұсталды.

Полиция жүргізушінің 39 жастағы елорда тұрғыны екенін анықтады. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші сергек әрі сау болған.

Жүргізуші бұл мінез-құлқының себебін түсіндіре алмады. Оған қатысты бірнеше әкімшілік материалдар қозғалды.

– ҚР ӘҚБтК 590-бабының 2-бөлігі бойынша, яғни автокөлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз басқарғаны үшін (алдында МТНБ болмаған). Жүгізуші 10 АЕК көлемінде айыппұл арқалады.

– ҚР ӘҚБтК 613-бабы 1-бөлігі бойынша, яғни көлік құралын басқарып, полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын орындамағаны үшін 40 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

– ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі (Көлік құралын басқару үшін жол қозғалысының басқа қатысушыларын жылдамдықты күрт өзгертуге мәжбүр етіп, авариялық жағдай туғызу) бойынша 10 АЕК айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру