Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мас күйде ЖКО жасаған жүргізуші 3 жылға түрмеге қамалды

Ақтөбеде мас күйде ЖКО жасаған жүргізуші 3 жылға түрмеге қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 жастағы қала тұрғыны құқық қорғау органымен 2020 жылы жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылған. Десе де, 1 мамыр күні сағат 09:10-да Жиенбаев пен Тәжібаев көшелері қиылысында масаң күйде ВАЗ 20193 автокөлігін басқара отырып, Toyota Highlander автокөлігімен соқтығысқан.

Ақтөбе облысы ПД Анықтау басқармасы ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады және сотқа жіберілді.

Жоғарыда аталған азамат үш жылға бас бостандығынан және өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру