Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер құны 27 млн теңге тұратын есірткі тәркіледі

Ақтөбеде есірткі сатушыларды құрықтау бойынша ірі операция өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлттық ұланның арнайы бөлінісінің жауынгерлерімен бірге жедел іс-шаралар өткізу барысында қылмыстық топтың әрекеттерінің жолын кесті. Полицейлер қылмыстық топ мүшелерінің Ақтөбе облысының аумағында аса ірі көлемде марихуана мен гашишті тасымалдаумен, сақтаумен және сатумен айналысқанын анықтады. Көрсетілген адамдардың қылмыстық әрекеттері айғақтармен бекітіліп, басқа да жасырын іс-шаралар өткізілді, нәтижесінде тәртіп сақшылары есірткі диллерлерінің ізіне түсті.

– Операция өткізу туралы ақпараттың таралуына жол бермеу үшін ұстау және тінту шаралары бірден бірнеше мекенжайда өткізілді, – деді Ақтөбе облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нурлан Таушанбаев.

Мысалы, Ағайынды Жұбановтар көшесінде “Toyota-Raf4” маркалы көлік тоқтатылды. Көлік салонында 54 жастағы есірткі жеткізуші болды, оның тұрғылықты мекенайынан бес келі гашиш алынды. Онымен бірге оның екі танысы болды. Олардың бірінде өзімен бірге 1 келіден астам марихуана және 10 грамнан астам гашиш болды, оның пәтерін тінту кезінде 22 келіден астам марихуана табылды.

Бұдан басқа тұрғылықты жерлері бойынша қылмыстық топтың үш мүшесі ұсталды. Ұсталғандардың барлығы бұрын есірткі сатқандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Полицейлер барлығы 24 келіден астам марихуана және 5 келіден астам гашиш алды. Мұндай есірткінің “қара нарықтағы” құны 27,2 миллион теңгені құрайды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және 297-бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұсталғандардың барлығы Ақтөбе қаласының ПБ уақыта ұстау иоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру