Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда зейнеткердің ақшасын жымқырмақ болған алаяқ ұсталды

Оралда зейнеткердің 5 000 000 теңгесін қалтасына басқан алаяқ әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол зейнеткердің сеніміне кіріп, ақшасын көбейтіп беремін деген желеумен 5 000 000 теңгесін алып кеткен. Шарасыз зейнеткерге полицияның көмегіне жүгінуден басқа амал қалмады.

БҚО ПД қызметкерлері іздестіру шаралары барысында осы қылмысты жасауға қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы азаматты ұстады. Оның Атырау қаласының тұрғыны екені анықталды. Қазіргі таңда оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру