Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да алаяқ азамат аңқау әйелді алдап соққан

Орал қаласында сенімге кіру арқылы пайда таппақ болған алаяқ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол Орал қаласындағы Әбілқайырхан көшесіндегі дәмханалардың  бірінде жәбірленушіге тиесілі 1 500 000 теңгені қалтасына басқан. Ақшасынан айырып, сан соққан азаматша полицияның көмегіне жүгінді.

БҚО ПД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасауға қатысы бар күдікті ретінде 1994 жылы туған азаматты ұстады. 

Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 2- бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру