Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер 45 атыс қаруын тәркіледі

Ақтөбелік полицейлер 45 атыс қаруын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау мақсатында 2021 жылғы 17 мамыр мен 17 маусым аралығында “Қару” Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Осы кезеңде заңсыз айналымнан полицейлер 45 бірлік атыс қаруын, оның ішінде ойық – үш, тегіс ұңғылы – 37, травматикалық – бір, үш газдық және электрлі бір қару тәркіледі.

Сонымен қатар, ойық және тегіс ұңғылы қаруға 47 дана патрон алынды.

Сондай-ақ, 219 дана суық қару (пышақ) тәркіленді.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында алты мыңнан астам атыс қаруының иелері тексерілді, бұл 75%-дан асады.

Тексеру нәтижесінде 235 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 37, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін – 140 және қаруды қайта тіркеуді бұзғаны үшін – 58.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру