Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемендік демалыс базасынан бөтен автокөлікті айдап кетті

ШҚО-да ер адам демалыс базасынан бөтен автокөлікті айдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алтай АПБ-нің “102” жедел арнасына Өскемен қаласының 57 жастағы тұрғынынан белгісіз біреулер 29-30 мамыр аралығында Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан демалыс орнындағы үйдің жанында тұрған Mitsubishi автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Шығын көлемі жеті миллион теңгені құрады.

Аталған қылмысты “ізін суытпай” ашу үшін қызметкерлер бірқатар жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде Өскемен қаласына кіре берісте тәртіп сақшылары ұрланған көлікті тоқтатты, оның рульінде 36 жастағы ер адам отырған.

Қазіргі уақытта автокөлік иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру