Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер тұрғын үй нарығындағы алаяқты ұстады

Ақтөбелік полицейлер тұрғын үй нарығындағы алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылжымайтын мүлік саласы – бұл алаяқтар үшін аз уақыт ішінде көп күш жұмсамай үлкен ақша алу мүмкіндігі болып табылады.

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Мұғалжар ауданының 30 жастағы тұрғынын ұстады.

Белгілі болғандай, алаяқ әйел 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың 15 ақпанына дейін “OLX” хабарландыру сайты арқылы тәуліктік жалға берілетін тұрғын үйді тауып, содан кейін ол пәтерлерді тәуліктік мерзімге жалға алған. Содан кейін өзін “Динара” деген жалған есіммен аталған сайтта пәтерлерді ұзақ мерзімге беру туралы хабарландырулар орналастырған. Пәтерді жалға беру туралы хабарландыру бере отырып, ол 21 жастағы қызға тиесілі 55 мың теңге сомасындағы ақшаны иемденген.

Сонымен қатар, күдікті республиканың түрлі қалаларында алаяқтықтың осы тәсілін қолданып, алаяқтық жасау үшін түрлі абоненттік нөмірлерді пайдаланған.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті алаяқтың құрығына түспеу үшін бірінші кезекте жалға берушіден келесі құжаттарды көрсетуін талап ету керек:

– пәтерге құқық белгілейтін құжаттар;
– меншік иесінің жеке басын куәландыратын құжат.

Егер пәтер иесі құжаттарды көрсетуге келіспесе және сізді сендіруге тырысса, онда мұндай мәміледен бас тартқан дұрыс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру