Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік тұрғын бір күнде екі ұрлық жасағаны үшін ұсталды

39 жастағы ақтөбелік 1 күнде 2 ұрлық жасағаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қазанда патрульдік полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен қылмыс орнында Ақтөбенің 39 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдікті пластикалық терезе арқылы О.Кошевой көшесіндегі бір үйге кіріп, пәтер иесіне тиесілі жеке мүлкін жасырын ұрлауға талпынған. Алайда пәтер иелерінің полицияға уақтылы хабарласуының нәтижесінде  күдікті қылмыс орнында ұсталды.

Сондай-ақ, дәл осы күні аталған ер адамның О.Кошевой көшесіндегі металл контейнерді бұзып кіріп, басқа ұрлық жасағаны белгілі болды.

Ол контейнерге аспалы құлыпты бұзу арқылы кіріп, ЖШС-нің бірінің директоры 39 жастағы ақтөбелікке тиесілі электр жылытқышын және электрлі тескішті ұрлап кеткен.

Шығын 61 мың теңгені құрады. Күдікті қылмыстық әрекеттерін мойындады және Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған фактілер негізінде ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық)  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру