Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік жігітті тонап кеткен екеу ұсталды

Ақтөбелік жігітті тонап кеткен екеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айында Ақтөбе қаласы ПБ-ның 102 Жедел басқару орталығына Асау-Барақ көшесінде екі белгісіз адам 21 жастағы жігітке күш көрсетіп, оның телефонын ұрлап кеткендігі туралы хабарлама түсті.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, 27 және 29 жастағы екі күдікті анықталып, ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, Ақтөбе қаласы УҰИ-ге қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.

ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің (Тонау) талаптарына сәйкес, күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру