Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ардагерге төс белгі табыс етілді

Ішкі істер органдарының ардагері Бауржан Жантурин төсбелгімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінде бар күш-жігерін облыс көлемінде құқықбұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрес шараларының сапасын арттыруға жұмсаған ардагерлердің еңбектері назардан тыс қалмайды және үнемі қолдау көрсетіліп отырады.

Ішкі істер органының ардагері Бауржан Жантуринге төсбелгіні Ақтөбе облысы Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Әлиев Қанат пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Даулеталин табыстады.

Бауыржан Матжанұлы Ішкі істер органында 26 жыл қызмет атқарған. Еңбек жолын 1981 жылы Қобда ауданы инспекторы болып бастаған. Кейін жемісті қызметін мемлекеттік автоинспекциясының аға инспекторы, әкімшілік тәжірибе басшысы, анықтаушы бөлімінің инспекторы болып жалғастырған. 2004 жылы батальон командирі қызметіне келген. 2004-2005
жылдар аралығында жол полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы қызметінен 2006 жылы зейнеткерлікке кеткен.

– Қызылорда қаласынан Ресей Федерациясы бағытындағы 50 келі есірткі тиілген қара түсті джип автокөлігін тоқтаттық. Сол кезде МАИ басшысының нұсқауымен дереу ұстау жоспары құрылып, қала жабылды. Сол нұсқамаға сәйкес, Хромтау қаласы жағынан 35 шақырым қашықтықта қара түсті джип көлігі байқалды. Кейін сол автокөлікті ұстау кезінде, тінту жұмыстары жүргізіліп, машинадан 50 келі есірткі табылды.

Көлік айдап кету фактісімен де бір жағдай орын алған. Ленинградтан Өзбекстанға қарай алты джип автокөлігі айдап әкетілмек болған. Алға қаласынан шыға берісте Бестамақ өзені жанынан қолға түсірілді, – деп ардагер қауырт жұмыстың кезінде болған қызықты оқиғасымен де бөлісе кетті.

Жиналған ардагерлер қауымы мен әріптестері жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау сөздерін айтты.

– Бұл төс белгі менің қызметтегі жеткен жетістігім деп білемін. Игі тілектеріңіз бен құттықтау сөздеріңізге ризамын. Өнегелі қызметіміздің жемісі жастардың қызмет жолында үлгі болсын, – деп ардагер өз тілегін білдірді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру