Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үздіксіз донор болып келе жатқан майор

Қызылорда қаласы ЗК-169/1 мекемесінің кезекші қызметінің тергеу изоляторы басшысының кезекші көмекшісі Мұсабек Қаратаев 2006 жылдан бері үздіксіз донор болып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол жылына екі рет қан тапсырады. Мұсабектің бұл әрекетін  қанға зәру жандарға көрсетілген үлкен көмек деп айтуға болады. Өйткені, бір тамшы қан – бір өмірді құртқарады.

– Қызылорда облысы қан орталығының тұрақты доноры болғандықтан, бірде маған қоңырау шалып, ауыр жағдайдағы жас қызға қан керектігін айтып, көмек сұрады. Бұл жағдайға бей-жай қарай алмадым, қан тапсырғаныма алты ай-ақ болса да,  донор болуға келістім, – дейді М.Қаратаев. Жалпы қан тапсырудың денсаулығыма еш зияны жоқ, керісінше, жүрек қан тамырларының ауруының алдын алып, жоғары қан қысымын болдырмайды.Оны мен өз денсаулығымнан байқап келемін. Донор болу арқылы мұқтаж жанның өмірін ұзартуды өзімнің азаматтық парызым деп санаймын.

ҚАЖ Қызметкерінің бұл қайырымды іс-әрекеті, қоғамдағы азаматтық тұлғасын асқақтатып тұрғаны анық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру