Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ардагерлер марапатталды

Қызылорда облысының департамент бастығы ардагерлерді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1992 жылғы 23 маусымда ҚР Жоғарғы Кеңесі “Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы” Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. Еліміздегі құқық қорғау қызметкерлерінің қызметі мен міндетін айқындайтын атаулы күн 2007 жылдан бері аталып өтіледі. Елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелерінің жұмысы оңай емес.

Бүгін  Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық –атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет подполковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы  ұзақ жылдар жауапкершілігі мол,Қылмыстық атқару жүйесі саласында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерді құттықтады. Олар осы салада қым-қуыт, қауырт қызметті қиынсынбай, уақытпен санаспай, абыроймен адал еңбек еткен. Департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы, Баймаханов Тұрсынбай Үдербайұлын, Сапаров Әділхан Қошмағанбетұлын, Шабаев Лечи Магамадовичті, Жұмалиев Дидар Олжабайұлын,  Қожақов Күзембайды 23 маусым Қазақстан полициясы мерекесімен құттықтап, жас қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеуге белсене қатысқаны үшін “Алғыс хатпен” марапаттап, Қазақстан Республикасы  Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық кеңесінің “Ардагер” төсбелгісін тақты. Сонымен қатар, ішкі істер органдарындағы ұзақ және адал қызметі,құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін,  Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық кеңесінің “Құрмет грамотасымен” қылмыстық –атқару жүйесі  ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамуров Серікбай Қойшыбайұлы марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру