Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері адасқан балаларды ата-анасына табыстады

Астана полицейлері адасқан балаларды ата-анасына табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“102” пультіне жергілікті тұрғыннан көшеде адасып кеткен баланы тауып алғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері адасып кеткен 10 жастағы баламен тілдесіп, оның мектептен қайтып келе жатып автобус бағытын шатастырып, қаланың бейтаныс аймағына кетіп қалғанын білген. Содан қызметкерлер сұрастыра келе бірден мұғалімдерге хабарласып, ата-анасының байланыс телефондарын біліп, содан кейін баланы тұрғылықты жеріне жеткізген.

Екінші 9 жастағы адасқан қызды Экспо аумағынан өтіп бара жатқан тұрғындар кездестіріп, полиция бөліміне жеткізген. Сол маңдағы туристік полицияның қызметкерлері дереу баланың ата-анасын іздеуді ұйымдастырып, оның анасын тауып, баланы заңды өкіліне тапсырған.

Балаларының амандығын көрген аналар полиция қызметкерлеріне кәсіби шеберлігі мен балаларын табуға жедел көмек көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру