Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полициясы балалар арбасын қолды қылған азаматты анықтады

Астана полициясы балалар арбасын қолды қылған азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның 200 мың теңге тұратын балалар арбасын ұрлап кеткені жөнінде арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол арбаны шамалы уақытқа қалдырып, қайта оралғанда орнында жоқ екенін көрген.

Астана қаласы ПД іздеу бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 41 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу барысында ер адамның Қабанбай батыр даңғылымен келе жатып, жол бойында қараусыз тұрған балалар арбасын байқағаны белгілі болды. Қылмыстық оймен қаскүнем әрекеттерін бақылап тұрған куәгерлердің жоқтығына көз жеткізген соң, арбаны көлігіне тиеп алып кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру