Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны әйелдің мойнынан алтын алқаны жұлып алған

Астана тұрғыны әйелдің мойнынан алтын алқаны жұлып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“102” пультіне елорда тұрғынынан оның тонаушының қолынан зардап шеккені туралы хабарлама келіп түсті. 47 жастағы әйелге шабуыл таңертең сағат 07.00 шамасында Ш.Айманов көшесінде жасалған. Жәбірленушінің айтуынша, өткен кеште ол Тілендиев даңғылындағы кафеде жас жігітпен танысқан. Әңгіме барысында екеуінің арасында жанжал туындап, қаскүнем әйелге шабуыл жасап, алдымен мойнынан бір алтын алқаны жұлып алып, кейінірек екіншісін де жұлып алып, қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адам анықтады. Тексеру кезінде тонаушының бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны және қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаны анықталды.

Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның қала аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру