Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ерлі-зайыптылар алаяқтық жолмен ер адамға пәтерді жалға бермек болды

Астанада ерлі-зайыптылар алаяқтық жолмен ер адамға пәтерді жалға бермек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданының полиция бөліміне 32 жастағы ер адам жүгініп, пәтер жалдау кезінде алданғанын хабарлады. Жалға алушы Нәжимеденов көшесіндегі пәтерде жалға берушімен кездескен. Қыз тұрғын үйді көрсетіп, одан бір ай бұрын 130 мың теңге көлемінде алдын ала төлем алған. Нәтижесінде жалға алушы ақшасыз және пәтерсіз қалған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер алаяқтыққа пәтерді тәулік бойы жалға алған ерлі-зайыптылардың қатысы бар екенін анықтады.

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

– Полицейлер азаматтарға алаяқтардан сақ болудың негізгі әдісі, құжаттарды мұқият тексеру және ресми жалдау шартын жасау екенін ескертеді. Алдын ала төлем тек қоныстанған кезде және шартқа қол қойылғаннан кейін жасалуы керек. Бірнеше ай бұрын алдын ала төлем жасамаңыз, – деп еске салды полиция.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру