Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облыстық ПД-да жаңа бағалау жүйесі талқыланды

Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Ешманов жеке құраммен ішкі істер органдары қызметіне KPI жүйесін енгізу мәселесін талқылады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында жаңа бағалау тетігінің мақсаты мен артықшылықтары түсіндіріліп, оның қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді. Сондай-ақ KPI жүйесі әрбір қызметкердің кәсіби жауапкершілігін күшейтіп, атқарылған жұмыстың сапасын нақты әрі әділ бағалауға мүмкіндік беретіні айтылды.

Жаңа жүйе қызметкерлердің жұмысын тек сандық көрсеткіштер арқылы ғана емес, профилактикалық іс-шаралардың нәтижелілігі, құқық бұзушылықтардың алдын алу деңгейі, жедел әрекет ету сапасы, азаматтармен кері байланыс орнату және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тиімділігі сияқты маңызды бағыттар бойынша бағалауды көздейді.

Бұл тәсіл полиция қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттырып, құқық қорғау органдарына деген қоғамдық сенімді нығайтуға, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарының сапасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру