Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға төмендеген

Атырау облысында жыл басынан бері республикалық, ауданаралық тасжолдарда жол-көлік оқиғасы өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға төмендеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында қала сыртындағы тас жолдарда апаттық жағдай күрделі болуына байланысты өңірде жыл басынан бері жол қозғалысын бақылауды күшейту бойынша бірқатар бастамалар қолға алынды.

Атап айтсақ, 15 бағанада орнатылған “Трафик-Сканер” және 28 “Кибер-Шериф” автоматты фотобейне түсіру кешендерінің жергілікті атқарушы органның қолдауымен іске қосылды. Аталған кешендер адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркейді.

Бұл – көлік шектеу жылдамдығын сақтамау, қарсы қозғалыс жолағына шығу. Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда жасырын патрульдеу әдісі бойынша ішкі істер органдарына бекітілген арнайы 8 автопатруль көліктері қызмет атқаруда. Олар “Оракул Инсайт” кешенімен жабдықталған.

Басты мақсат – жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысына қатысушылардың барлығының жол қозғалыс ережелерін сақтауын қамтамасыз ету.

Осы іс-шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері облыстағы республикалық, ауданаралық тасжолда орын алған жол көлік оқиғасы өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға төмендеп отыр.

Осыған орай, тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарына жолдағы әрбір адамның қауіпсіздігіне бағытталған іс-шараларға түсіністікпен қарап, жол қозғалысы туралы заңда белгіленген жол жүрісінің барлық ережелерін мүлтіксіз сақтау керектігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру