Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері марапатталды

Отан қорғаушылар күні қарсаңында Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция инспекторлары Қуандық Сүйіндіков пен Тимур Баймағанбетов Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен “Ерлігі үшін” медалімен наградталды. Бейбіт күннің батырларына мемлекеттік награданы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев табыс етті.


Естеріңізге сала кетсек, аталған полицейлер қаңтарда Жайық өзені бойында ойнап жүріп, мұздың астына түсіп кеткен жасөспірімдердің өмірлерін құтқарған болатын.


Бастарын қатерге тігіп, балаларды ажалдан арашалап алған тәртіп сақшылары оқиға кезінде өз өмірлеріне төнген қауіпті емес, қалайда балаларды құтқаруды ойлағандарын айтады.

“Балаларды құтқарғанымызды ерлік деп ойламаймыз, себебі біздің орнымызда басқа біреулер болса оларда біз сияқты әрекет етер еді”-дейді олар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру