Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде кенеттен қайтыс болған қызметкер ұмыт қалған жоқ

Ақмола облысының ҚАЖ департаменті аумағында қайтыс болған қызметкерлерге ескерткіш мемориалы және Ольга Васильевскаяның ескерткіш музейі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын қызметкерлер волейболдан Ольяны еске алу турнирі өтеді.

Мекеменің кадрлар қызметі бөлімшесінің басшысы Динара Мустафина “Ол спортқа жақын, волейбол, баскетболды жақсы көретін, Павлодар заң колледжінің волейбол командасының капитаны болған” – деп еске алады.

Елена Константиновна қолдап, есте сақтағаны үшін келген қонақтарға алғысын білдірді. Басқаша болу мүмкін емес, өмір өтуде, адамдардың көз қарасы және талаптары өзгерсе де, Ольганың есімі мәңгі сақталады.

Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департамент басшысының тапсырысы бойынша ҚР Отан Қорғаушылар күніне орай қайтыс болған қызметкердің отбасына барды.


ЕЦ-166/24 мекемесінің жас қызметкері Оля Василевская қызметтік міндеттерін атқару кезінде кенеттен қайтыс болғанына 10 жыл өтті.


Павлодар заң колледжін үздік қызыл дипломмен бітірген. Жауапкер, өз жасына қарамай өзіне талапшыл болған.  Оля Василевская Көкшетау қаласы қоныс колониясында жасақ басшысы болып қызмет атқарды. Ашық, біреудің қайғысына сезімтал, әріптестерінің алдында құрметке ие болған жас лейтенантқа сотталғандар да тез тартылды.

Ольга Васильевская күдіктенбеген жерден жападан жалғыз қалып, мекемеде жазасын өтеушінің қолынан қайтыс болды.
Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті басшысының тапсырмасы бойынша Ольга Васильевская отбасына облыстық ҚАЖ қызметкерлері барып, материалдық көмек көрсетті.

“Біз, Ақмола облысы ҚАЖ жеке құрамы, осы көңілі жарқын адамды ешқашан ұмытпаймыз, мен ол туралы әріптестерінен көп естідім, сіздің қайғыңызға шын жүректен көңіл білдіремін – деді ҚАЖД орынбасары Марат Абдрахманов.


Көп жылдар аралығында Оля Васильевскаяны әріптестері еске алып, құрметтейді. Оның жарқын бейнесін, жас қызметкерлерге жеткізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру